«Қыстағы ғажайып әлем!»
тақпақты мәнерлеп оқу сайысы
2021 жылдың 20 қаңтарында №1«Арман» ясли-бақшасында «Қыстағы ғажайып әлем!» тақпақты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: тәрбиенушілердің арасында талантты балаларды анықтау, көркемік және сөйлеу шенберліктерін жетілдіру. Өленді жатқа айту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту жіне орындау дағдыларын жетілдіру. Құрбыларымен қарым қатынаста ізгі ниетті дамыту, балалардың «тындау» және «есту» қабілеттерін қалыптастыру. Түған табиғатқа деген сүйіспеншілік, поэзияға қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу.
Сайысқа әрбір топтан 2-4 баладан, жиыны жиырма төрт бүлдіршін қатысты.
Сайыс заманауи форматта, әр түрлілігімен, мазмұныдылығымен, шығармашылығымен, айырықшаланды. Әрбір бала өздерінің дарынымен, тақпақты оқу мәнерімен, қимылмен жеткізе білу дағдысымен, ерекшеленіп, өнерлерін көрсетті. Ересек топтың балалалары тақпақтарын қазақ және орыс тілінде айтып таңғалдырды. Мәнерлеп оқу жарысында табиғатқа дегенсүйіспеншілік, көркемдік деген сезімдерін арттырып, кішкентай бүлдіршіндер Абайдың, Пушкиннің өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып көңілімізді қуанышқа бөледі. Бұл шараға әділ қазылар бүлдіршіндердің дарындылығына таң қалып, сайысты ұйымдастырып жүргізген тәрбиешілерге Кудайбергенова М.А., Нығыманова Е. Меллатова Г.Д өз алғыстарын білдірді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік тақпақ айтқан балаларды арнайы дипломдармен марапаттады.
- І – ші орын Калибек Айсезім«Сәулетай» ортаңғы тобы, Майдан Аяжан «Аружан» ересек тобы.
- ІІ-ші орын Мұхамедқан Шахмардан «Еркежан» ортаңғы тобы, Бауыржанқызы Қамар «Ертарғын» ересек тобы.
- ІІІ-ші орын Маратова Аяна «Ертөстік» ортаңғы тобы, Дұлатқызы Айару«Ақбота» ересек тобы.
https://sad1arman-semey.rka.kz/kz/zhanaly-tar/108-ysta-y-azhajyp-lem-ta-pa-ty-m-nerlep-o-u-sajysy.html#sigFreeIdd8082dc8a6








