ШҚО Семей қаласы №1 «Арман» ясли – бақшасының «VALEO» интеллектуалдық – дамыту курсының «Ой - ойна» ойын технологиясы
зертханасы
2016 жылғы 14 шілдегі VI шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті V сессиясының №5/51- VI шешіміне сәкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру туралы 2016 жылғы 29 тамыздағы №359 бұйрығының негізінде «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дарынды мектеп» жобасын іске асыру бойынша ждауаптыларды бекіту туралы 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №01-04/684 бұйрығымен VALEO интеллектуалдық дамыту курсы «Ой ойна» ойын технологисы зертханасы 2016 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастады. ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Арман» ясли – бақшасы арасында жоспардың негізінде бірлескен жұмыс меморандумына келісім шарт бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр.
«Ой – ойна» зертханасы туралы ережеге сәйкес «Сәулетай» ересек тобында «Денсаулық» білім беру саласы бойынша «VALEO» интеллектуалдық – дамыту курсы ретінде вариативтік компонент ретінде іске асырылып жатыр. «Ой – ойна» ойын технологиясы зертханасы – ол дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасалып, әрбір баланы шығармашыл тұлға ретінде табиғатын ашуға мүмкіндік береді. Топтың тәрбиешлері Джамбаева Л.Ж., Жакина М.А.. «Ой – ойна» ойын технологиясы зертханасы бойынша эскперимент жұмысын жалғастыруда. Эксперимент жұмысына қатысатын барлық педагогтар Өскемен, Семей қалаларында өткен профессор А.В. Ахаевтың мастер-кластарына қатысып халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болды.
«Ой – ойна» ойын технологиясы зертханасы санитарлық гигиеналық талаптарға сай, бекітілген «Сәулетай» тобында аптасына бір рет, дүйсенбі күні вариативтік бөлік ретінде жүйелі түрде өтеді. Қабылдау бөлмесінен бастап топтың ішікі көрнісі, оқыту-тәрбиелеу үдерісі «Ой ойна» зертханасының ережесіне сәйкес жабдықталып қамтылған. «Ой ойна» ойын технологиясының бір ерекшелігі, балалардың дарындылығын дамытуға ықпал ететін
2018 жылдың екінші жартысында балабақша әкімшілігі 217, 745 теңгеге «VALEO» зияткерлік – дамытушы жиынтығының тағы бір наборын өз қаражатына сатып алды, қазіргі кезде ойын жиынтығын барлық топтарда әр түрлі іс әрекеттерде пайдаланып жүзеге асыруда. Наурыз айында -«Салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында балалармен педагогтардың бірлескен спорттық Флеш-моб ұйымдастырылды. «Саулетай» ересек тобының тәрбиешісі Джамбаева Л.Ж. «Жылдың үздік тәрбиешісі» облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын алғаны үшін Грамотамен марапатталды және VALEO зияткерлік ойын жиынтығы балалардың саусақ моторикасын дамыту бойынша жаднама дайындады. 2018 жылғы 18 мамырда Семей қаласы білім бөлімінің 2018 жылға арналған мектепке дейінгі мекеме педагогтарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмыс жоспарына сәйкес қаламыздың мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған «Ой-ойна» ойын технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық даму негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті. «Ой-ойна» ойын технологиясы вариативтік компонент. «Сәулетай» ересек тобы. Семинарда балабақша педагогтары ««VALEO» зияткерлік ойын жиынтығын әр түрлі әрекеттерде балалармен жұмыста қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті. «Аружан» ортаңғы тобында сөйлеуді дамыту бөлімі бойынша «Даналық әліппесі», «Балауса» ортаңғы тобы математикадан «Қызықты математика», «Ақбота» ересек тобы ағылшын тілі «Қазақстанның жыл мезгілдері», эксперимент тік «Саулетай» ересек тобы «Ой-ойна еліне саяхат» тақырыптарында өткізді. Семинарда «Ой-ойна» ойын технеологиясы экспериментінің 2 жылдық жұмыс тәжірибесі таратылды. Семинар барысында «Арман-ғажайып тәрбие әлемі». Островок детства «Арман» әдістемелік құралдың презентациясы болды. Бұл әдістемелік құралда балабақша педагогтарының озық іс-тәжірибелері басылып шықты. 2018-2019 оқу жылында «Ой-ойна» вариативтік компоненті балабақшаның жылдық жоспарына сай өз жұмысын бастады. Эксперимент жалғасуда. Барлық сабақтың күнтізбелік жоспары, сабақ кестесі бекітіліп жүргізілуде. 2018 жылғы қыркүйекте тәрбиеленушілер мен педагогтар «Спорт және мен!» тақырыбындағы спорттық мерекені зор қуанышпен атап өтті. Барлық балалар сүйікті кейіпкер Валеошкамен бірге белсенді демалып, спорттық эстафетаға қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын қорғау және нығайту. Балаларды салауатты өмір салтына деген қажеттілікке баулу. Дені сау бала тәрбиелеу болып табылады.
Балабақшаның айлық жоспарына сәйкес 24 қыркүйекте «Сәулетай» эксперименттік тобының тәрбиешісі Джамбаева Л.Ж. «VALEO» интеллектуалдық дамыту курсы «Ой ойна» ойын технологиясы зертханасының жұмысы туралы №3 сабақ «Валеошка күнде қонақта» тақырыбында педагогтарға арналған ашық көрсетілім берді. Бұл сабақта балалар «VALEO» жиынтығымен құрастырып, белсенді, шығармашылық жұмыс көрсетті.
2018 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында №1«Арман» ясли-бақшасында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық аясында отбасылық фото бәйге көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді құрметтеуге, білуге тәрбиелеу; балабақша және ата-аналардың арасындағы ынтымақтастықты, серіктестік жұмысты нығайту болып табылады. Фото бәйге ерекше тақырыптарды қамтыды: « Менің отбасым», «Біз мерейлі отбасымыз өйткені... өз елімізде туып, өсіп жатырмыз», «Мейірімді отбасым», «Мерейлі менің отбасым, мәңгілік болар мақтаным!», «Менің сүйікті отбасым», Отбасы - өмір аясы, Отбасы – ол бақыт, Отбасы – туыстарымыз, Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – ол шаңырақ», «Менің бақытты жанұям» және т.б. Педагогтар балалармен көрмені тамашалап, әрбір жасалған фото бәйге туралы балаларға әңгімелеп берді. Ата-аналар өз балаларымен көрменің белсенді қатысушылары болды. Отбасылық фото бәйге көрмесінінің қорытындысы бойынша «Сәулетай» эксперимент тобының балалары, ата-аналары үздік деп танылып Бас жүлдеге ие болды. Көрмеге осы топтың 25 атанасы қатысты. Сонымен қатар «Сәулетай» тобының бүлдіршіндері 22 қыркүйек тілдер күнін мерекелеу шеңберінде балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»тақпақты мәнерлеп оқу байқауына белсене қатысып үздіктердің қатарынан көрінді.
Балабақша мен ата-аналрдың бірлескен серіктестік жұмысын нығайту мақсатында қазан айында «Ой-ойна ойын технологиясы зертханасы – мектеп жасына дейінгі балалар мен педагогтар және ата-аналардың өзара бірлескен танымдық шығармашылық іс-әрекетін дамыту алаңы» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес «Шеберлік сағаты» жоспарланғна.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар Тақырыбы: «Ой – ойна» ойын технологиясы– мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық даму негізі.

ҚМҰҚ «Қызықты математика» «Балауса» ортаңғы тобы, тәрбиеші Жанабалинова Г.С

VALEO интеллектуалдық дамыту курсы Ой-ойна»
Вариативтік бөлік. «Ой – ойна еліне саяхат».
«Сәулетай» ересек тобы, тәрбиеші Джамбаева Л.Ж.

Сөйлеуді дамыту. «Даналық әліппесі»
кіріктірілген оқу қызметі «Аружан» ортаңғы тобы – тәрбиеші Кодашева А.Р.

«Спорт және мен» тақырыптық күні


«Сәулетай» эксперименттік тобының тәрбиешісі Джамбаева Л.Ж. «VALEO» интеллектуалдық дамыту курсы «Ой ойна» ойын технологиясы зертханасының жұмысы туралы №3 сабақ «Валеошка күнде қонақта» тақырыбында педагогтарға арналған ашық көрсетілім берді.

Ата – аналармен отбасылық фото көрмесі «Отбасы – бақыт мекені»








