«Ұстаз жаратылысынан жаны жайсаң,

жаңалыққа құштар мейлінше шешен,

барынша әділ, жұрттың бәріне жақсылық

жасауға асығып тұратын... батыл,

ержүрек болуы керек».

Ұлы ғұлама Әл-Фараби.

  

Каштекова Бақыт Абылкасымовна Семей қаласындағы №1 «Арман» ясли - бақшасы» КМҚК меңгерушісі, білім саласында 47 жылдай адал еңбек етіп, абырой биігінен көрініп, білімнің үлкен жанашыры, шәкірттері сан мәрте биік белестерді бағындыруға  баулыған, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған парасатты ұстаз.Мекеменің тарихы сонау 1972 жылдан басталып осы күнге дейін 45 жылдың ішінде жеткен жетістігі ұшан – теңіз.

Бақыт Абылкасымовна «Арман» ұжымын 25 жылдай іскерлікпен, ұйымшылдықпен басқарып келеді. Бүгінде балабақша білім беру саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, игі істерді, бүлдіршіндерді өмір баспалдағынан дұрыс көтерілуіне қажырлы еңбек етуде.

Жаңа қайта құру және «ақпараттың жұтаң» кезеңінде, ешқандай инновациялық бағдарламалар болмағанда, «Арман» ясли – бақшасы жаңа ізденіс кезеңінде мектепке дейінгі жаңа экологиялық бағыттағы бағдарламаны құрып және оны оқу процесіне енгізу үшін Новосибирск қаласынан профессор М.Н. Сигимованы шақырды. Үш жыл бойы балабақша «Салауатты өмір салтының» физиологиялық аспектілері. «Баланың жеке бас экологиясы» деп аталатын жаңа тәрбиелеу – білім беру бағдарламасын іс жүзіне асыру бойынша республикалық эксперименттік алаңы болып жұмыс істеді.  

2001жылы «Арман» балабақшасы «Жылдың Таңдаулы балабақшасы» Республикалық сайысының қола жүлдесіне ие болды. Осы жылы педагогтар білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында өткен облыстық  «Үздік мектеп алды даярлық моделі»  байқауының Гран – При жүлдесінің иегері атанды.  ҚР БҒМ №381 бұйрығының негізінде 07.07.2003 жылдың және ҚР Білім Департаментінің хаты №1-13-0478 «Арман» бақшасы «Өзін-өзі тану» курсын мемлекеттік тілде апробациялау және енгізу бойынша Республикалық эксперимент республикалық эксперименттік алаңы мәртебесіне ие болды және Қазақстанның балабақшаларында осы пәнді қазақ тілінде енгізудің алғашқылардың бірі болды. 2006 жылы осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Арман» мектепке дейінгі тәрбие мекемесі «Білім ұясы» І Республикалық сайысына қатысып  «Ең таңдаулы балабақша-2006» Гран-При жүлдесін жеңіп алды. 2010ж республикалық эксперименті аяқталды, балабақша өз тәжірибесін республика бойынша таратты.  2013 оқу жылы желтоқсан айында «Арман» балабақшасы  мемлекеттік аттестаттаудан жоғары денгейде өтіп, комиссияның шешімімен «№1 «Арман» ясли – бақшасы инновациялы технологиялық ғылыми – әдістемелікпен айналысатын тәрбие мен білімділік орталығын  құру және облыс бойынша балабақшаның іс – тәжірибесі таратылсын деген ұсыныс берілді.                             Шығармашыл ұжым тәрбие мен білім беру жүйесінде ғылым мен іс-тәжірибені ұштастыру мақсатында кезекті эксперимент жұмысына бағыт алды. 2016 жылғы 14 шілдедегі VI шақырылған ШҚО мәслихатының кезекті V сессиясының №5/51 – VI шешіміне сәйкес облыстық білім басқармасының 2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру бойынша 2016 жылғы 29 тамыздағы №359 бұйрығының негізінде  «VALEO» интеллектуалдық дамыту курсы «Ой ойна» ойын технологиясы зертханасы бойынша эксперименттік бағытта жұмыс істеуде.

Ұлағатты ұстаз, тәжірибелі тәлімгер, аяулы жан Бақыт Абылқасымовнаның ұстазық еңбегі жоғары бағаланып көптеген марапаттарға ие болды.

*ҚР «Білім беру саласының  құрметті қызметкері». 

*Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері.

*«Қазақстанның үздік адамдары» - энциклопедиясына  және «Шығыс жұлдыздары» - кітабына енді.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым  министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Дені сау бала бақшалар» атты республикалық сырттай конкурсын ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынының білім беру үрдісіндегі  денсаулық сақтау тәсілдері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Дипломмен марапаттады.

 Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай  «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» медалімен марапатталды және саналы тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесін ұсынып, ұстаздық шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Грамотамен марапатталды

«Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ал ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» дегендей, тәлімгерінен  талмайтын талап, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт, мол тәжірибесінен өмірге өздеріне нәр алған әріптестері  ұлағатты ұстазымен, жетекшісімен мақтанады.

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз