«Арман» балабақшасының заттық-дамытушы ортасы

 

Балабақшада баланың жеке тұлғасын дамытатын маңызды факторлардың бірі оның тұратын, ойнайтын, іспен шұғылданатын және демалатын ортасы болып табылады. Мекеменің қызметін ұйымдастыру барысында балабақша әкімшілігі заттық-дамыту ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі, мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің өзіндік құндылығына және әрбір баланың даму мүмкіндігін ескереді. Жаңа оқу жылына тәрбиешілер мен педагогтар тұрақты түрде заттық-дамыту ортасын балалардың қимыл-қозғалыс, эмоционалдық, танымдылық іс-әрекеттерін ынталандыратын элементтермен толықтырып отырады.

Дамытушы ортаның компоненттері:                                                                                                                                                                                                                                                     

1. Әлеуметтік компонент

2. Кеңістіктік-заттық компонент

3. Психологиялық компонент

      

Әрбір топтың дамытушы кеңістігі әр түрлі орталықтардан құралған:

Оқыту орталығы: Бұл көпфункционалды құралмалы (трансформируемое) жұмыс кеңістігі. Ол өзінің келбетін жеңіл ауыстырады. Біріншіден, бұл «Шеберхана» (өнімді іс-әрекетке арналған сабақ), екіншіден, «Зертхана» (танымдылық-зерттеу әрекетіне арналған)  және үшіншіден, ересектермен сабақтана тыс қызығушылықтары бойынша балалардың еркін іс-әрекетіне арналған орын. Жұмыс кеңістігін еркін өзгерту мүмкіндігі – конфигурациясы мен көлемі бойынша – үстелдердің әр түрлі сипатта орналасу есебінен ашылады:үлкен ортақ жұмыс үстеліне біріктіру немесе төрт балаға арнап жинақтау (жұптасып орындау үшін, жеке іс-әрекетке арналған). Үстелдер жеңіл, қозғалмалы. Материалдарға арналған орталық; (табиғат материалдары: құм, су, тастар, ракушкалар. Ұнтақ азық-түліктер: ұн, манка, бұршақтар, күріш және т.б.)

Рөлдік ойындар орталығы;(балалар жиһазы, рөлдік ойынға арналған құралдар, әр түрлі қоспалар, ересектердің тұрмысын бейнелеу. Әр түрлі көлемдегі қуыршақтар. Киім-кешектер, қуыршаққа арналған төсек жабдықтары, қуыршақ сервизі, қуыршаққа арналған арба.

Өнер орталығы (Балалар бос уақыттарында мүсіндейтін, сурет салатын, жапсыру жұмысын орындайтын көркем өнер әрекетіне арналған бұрышты үстелдер. Шкаф-сөрелер бейнелеу өнеріне арналған қажетті материалдармен жабдықталған.

 

 

 

Жанында «Біздің шығармашылық» көрмесіне арналған орын бар, онда керілген сәндік бауларға балалар өздерінің суреттерін орналастырады, тақырыптық күндерге, мерекелерге, жобаларға жапсырма жұмыстарын іледі. Шкаф сөрелерге балалар мүсіндерін қойып қояды. Жанында қазақ және кеңестік заман суретшілерінің картиналарынан тақырыптық көрме орналасқан.(«Күз». «Балалар кітабын безендіретін суретшілер»), ұжымдық жұмысқа арналған ақ қарапайым тұс қағаз, мольберт, бормен салатын тақта, сурет салуға арналған кішкентай тақталар.

 Тәжірибелік іс-әрекет және табиғат орталығы. Суырмалы жәшіктері бар стеллажда табиғат орталығы орналасқан. Бөлме өсімдіктері осы орталықта орналасқан. Суырмалы жәшіктерде балықтар, құстар, өсімдіктерді күтіп баптауға арналған құралдар сақталады. Өсімдіктер тұрған сөренің жанында құс торын қоюға болады. Табиғат бұрышында балалардың көз деңгейіне сәйкес аквариум орналасқан. Қабырғада табиғат күнтізбесі орналасқан, қасында бақылау күнделігі жатыр. Осы жерде «табиғат зертханасы» орналасқан. Жанында суымен үлкен аквариум орнатылған, қасында үлкен және кішкентай тесігі бар ыдыс бар, әр түрлі көлемдегі заттар, оны суға салуға болады, жүзетін және бататын.

 

 

 

Суы бар үлкен ыдыс, әр түрлі ыдыстар, әр түрлі заттар, қақпағы бар бөтелкелер қайықшалар, топырақ, езілетін және езілмейтін материалдар, құм, балшық, опилка,  пенопласт жаңқалары.

Денешынықтыру – сауықтыру орталығы. Орталық шешінетін бөлменің бір қабырғасында сөреде орналасқаны, онда бұдан басқа спорттық құралдарға арналған ілгіштер: әр түрлі көлемдегі доптар, массаждық доптар. Шеңберлер, гимнастикалық  таяқшалар, кольцебростар, кегли, нысана көздегіш, балалар баскетболдық корзина, массаж жасайтын және қырлы кілемшелер, тренажерлар (үздіксіз ауысып отыратын), секірме жіптер, дәстүрлі емес құралдар және т.б.

Драма - театрланған әрекет орталығы. Үлкен және кішкентай ширмалар. Костюмдерге арналған ілгіштер. Костюмдер бар шкаф, бет перделер, ертегіні ойнауға арналған атрибуттар, әр түрлі театрға арналған қуыршақтар және ойыншықтар (жалпақ, қуыршақ, қолғап-саусақ, үстел үсті, көлеңке, картинка театры). Театрланған ойындарды сүйемелдеуге арналған дисклер, аудиокассеталар, грим, айна, париктер.

 

 

 

Математикалық дамыту орталығы. Дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған математикалық және логикалық ойындар, головоломкалар,  андар жиынтығы, математикалық белгілер,геометрикалық пішіндер жиыны, көлемді денелер,Дьенеш бөліктері, Крюизенер таяқшалары, санамақ таяқшалар, балалар компьютері, магниттік тақта. Бұл жерде балалар сандармен, белгілермен айналысады, қағаз бетін бағыттау, ковролондық кілемшені пайдалана отырып (коврограф) және магниттік тақта, логикалық-математикалық есептерді шешу,бөліктерден бүтін нәрсені құрастыру.

Оқшаулану бұрышы. Барлық орталықтардан біраз бөлек оқшаулану бұрышы. Жартылай шеңбер тәрізді қабырғаға ілінген. Оқшаулану бұрышы қызғылт жұқа пердемен жабылған. Жұмсақкреслодабала оқшауланып дем алады, әр түрлі суреттер, кітап қарайды.

 

 

Кітап орталығы. Балаларға арналған кітап бұрышы кітап қоятын шкафта жинақталған, онда бағдарламаға сәйкес балалардың сүйікті кітаптары, ертегілер, энциклопедиялық әдебиеттер, кітап-анықтама, сөздіктер, баланың қызығушылықтары бойынша жиналған кітаптар болады, бұдан басқа, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін айшықтайтын кітаптар, басқа да халықтардың әдебиеттері, кітаптарға арналған ашық витрина (онда тақырыптық көрмелер ауысып отырады: «Ертегілер әлемінде», «Қазақ ертегілері» және т.б.). Кітаптарды қарайтын үстел, орындықтар.

Музыкалық орталық. Шкафта ашық сөрелерде музыкалық инструменттер қойылған, магнитофон, балаларға арналған әндер жазылған дисклер мен аудиокассеталар, бағдарлама бойынша музыкалық шығармалар, құстардың, жануарлардың, орманның дауысы.Осылайша, «Арман» ясли – бақшасының балалары үшін ақылға қонымды құрылған заттық – дамытушы ортасы білім беру, дамытушы, тәрбиелеу, ынталандыру, ұйымдастырылған, коммуникативті функцияны орындауда. Бірақ ең бастысы – ол баланың дербестігі мен өз бетінше әрекет етуін дамытуға жұмыс істейді.