№1 «Арман» ясли - бақшасының
тәрбие - білім беру жұмысы туралы ақпарат
«Арман» балабақшасының басым бағыты «Рухани – адамгершілік тәрбие», әдістемелік тақырыбы «VALEO» зияткерлік – дамыту курсы бойынша «Ой-ойна» ойын технологиясы зертханасы эксперименттік алаңы». Балалабақшаның тәрбиелеу – оқыту үдірісі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыз № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқау; «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының негізінде жүргізіледі. Балабақшада 77 қызметкер жұмыс істейді. Техперсонал-38 жұмысшы, педагог кадрлар саны 39, оның ішінде жоғары санатты 6 – 16,2%, 1-ші санатты 10 – 25%, ІІ -ші санатты 22 – 56,4%, санаты жоқ 1- 2,5%. 2019 жылы 3 педагог І біліктілік санатына және 2 педагог жоғарғы санатқа өтті. 2018-2019 оқу жылы бойынша біліктілігін арттыру курсынан 17 педагог өтті, оның ішінде 7 педагог «Өрлеу», 4-«Шәкәрім» университетінің инновациялық орталығында, 2 педагог «КазГИЗУ» 4К моделі бойынша, 2-халықаралық, 2-республикалық курстардан өтті.
2016 – 2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру бойынша VALEO интеллектуалдық дамыту курсы «Ой ойна» ойын технологиясы зертханасы эксперименттік жұмысы нәтижелі аяқталды және қорытындылау үшін Ал 26 сәуірде Семей қаласы білім бөлімінің 2019 жылға арналған мектепке дейінгі мекеме педагогтарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ой – ойна ойын технологиясы – заманауи қажетті инновация» тақырыбында қаламыздың мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерге арналған практикалық семинарын өткізді. Семинар «Шеберлік сағаты» үлгісінде «Озық тәжірибе эстафетасы» тақырыбында бірнеше ашық сабақтардан үзінді көрсетілді. VALEO интеллектуалдық дамыту курсы Ой-ойна» Вариативтік бөлік. «Валеошка және цирк!». «Сәулетай» ересек тобы, тәрбиеші Джамбаева Л.Ж. Сөйлеуді дамыту. «Үй жануарлары». «Нұрай» кіші тобы, тәрбиеші Имангалиева Б.Қ. ҚМҰҚ «Ойла да, ойна». «Арман» ортаңғы тобы, тәрбиеші Құдайбергенова М.А. Ағылшын тілі. Көрініс «Little Lion» (Кішкентай арыстан). «Ақбота» ересектер тобы, оқытушы Л.М. Базарбекова. Ал 15 мамырда қаламыздың «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша экспериментке кіретін 5 балабақшаның педагогтары үшін іс-тәжірибемен алмасу семинары өтті, сонымен қатар «Инновациялық жобаларды қорғау» бойынша стартап идеялар алаңында педагог Бектембаев А.Ф. «Ой-ойна» ойын технологиясы жобасын ұсынып, қорғады. 2019 жылы 16 мамырда Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінде «Мектепке деейінгі білім беру мекемелерінде мазмұнын жаңарту шеңберінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы заманауи ойындық білім беру технологияларын жүзеге асыру («Ой - ойна» ойындық технологиялар зертханасының мысалында)» атты облыстық семинар практикум 4 педагог қатысып сертификат алды және әдіскер Тұмарбаева С.С. эксперименттің қорытындысы туралы айтып есеп берді. Балабқшаның жас мамандары «Жастар жылы» аясында «Шәкәрім» атындағы мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Педагогичесуий START-2019 » ІІІ республикалық жас педагогтардың форумына қатысып, инновациялық жұмыстарын көрмеге қойды, сертификатқа ие болды. Жас педагог Имангалиева Б.Қ. «Педагогикалық идеялар» фестиваліне қатысып асықтан жасалған жаңа ойындарын көрсетіп ІІ орын жеңімпазы атанды.
Қосымша білім беру қызметі: «Ағылшын тілін үйренеміз», «Ойна да, ойлан», «Шеберлі қолдар», «Би өнері», «Балдәурен» вокал, «Психологтың коррекциялық жұмысы», «Логопедттік коррекциялық жұмыс», «Шито-РЮ» каратэ-до жоғары деңгейде жүргізілді және қараша, мамыр айларында ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.Балабақшада ғылыми – әдістемелік жұмысты құрылымдау мақсатында «Халық қазынасы», «Өнер», «Денсаулық», «Экология», «Таным», «Коррекциялық педагогика» және «Жас педагогтар мектебі» атты әдістемелік шығармашылық бірлестіктер жұмыс жасайды. Осы оқу жылында әрбір әдістемелік шығармашылық топтар өз іс-тәжірибелерін айқындайтын арнайы кітап белгісімен әдістемелік құралдар әзірлеп басып шығарды: «Мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын, өмір салтын ұйымдастыру», «Мектепке дейінгі мекемеде балаларға экологиялық тәрбие беру. Табиғат тіршілік иесі», «Арт-терапиялық әдістерді қолдана отырып мектепке дейінгі балалардың танымдық қызметін ұйымдастыру және ерекшеліктері», «Монтессори элементтерін қолдану», барлық әдістемелік құралдарға Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары рецензия жазған. 6.03.2019 ж «Ертіс өңірі» газетінің №10 санында «Арман» - дарынды, ойы ұшқыр, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу ордасы» мақаласы және №10«Спектр» қалалық газетіне «Ясли-сад №1 «Арман» - чудесный мир детства» мақалалары басылып шықты. Осы жылы «Білім бойтұмары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №4, №5 сандарында 5педагогтың сабақ конспектілері шықты және №5 арнайы басылымына әдіскер С.С.Тұмарбаеваның эксперимент жұмысы туралы мақаласы жарық көрді. Педагогтар жүйелі түрде республикалық, облыстық, қалалық сайыстарға қатысады. Педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және тәрбиеленушілердің білім, білік дағдыларын дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» аясында өткізілетін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға, байқауларға тәрбиеші-педагогтар, тәрбиеленушілер қатысып жүлдері орындарға ие болды..тәрбиелеу мен оқыту процесінде этнопедагогиканың тиімді әдістерін енгізіп қолдануды дамытуды жалғастыруда. Педагогтарға: «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық тәрбиенің негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, оларды ұлттық мәдениет, салт дәстүрлерді және рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, таныстыру, көрсету мақсатында «Мәңгілік Ел» музейінде сабақтар, тәрбие шаралары жүйелі түрде өткізіледі. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» шеңберінде «Халық қазынасы» әдістемелік бірлестігі балабақшада, барлық топтарда «Рухани жаңғыру - ұлтымыздың ұлы мұрасы» тақырыбын айқындайтын, оның ішінде салт-дәстүрлер, ауыз әдебиеті, фольклор, билер, жырау-жыршылар, ертегілер, ұлттық ойындар, жиһаздар, зергерлік бұйымдар, қазақтың ұлы даналарын айқындайтын баннер-стенд, рефераттар, түрлі-түсті суреттерімен альбомдар дайындап, презентациясы өткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын негізге ала отырып, тәрбиеленушілердің бойында ұлттық рухты, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ересек топтың балаларын қаламыздың музейлеріне апару жоспарланған: «Абай» атындағы мәдени-қорық музейі, «Өлкетану» музейі, «Невзоровтардың» отбасылық музейлеріне экскурсияға апарып, таныстыру. «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша балабақша және отбасының арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, байқау, көрме өткізіп, ақпараттар,ұсынымдар, жаднамалар әзірленеді.








