№1 «Арман» ясли – бақшасы КМҚК
2019 - 2020 оқу жылының мақсаты мен міндеттері,
негізгі жұмыс бағыты
Балабақшаның басым бағыты:
«VALEO» интеллектуалдық – дамыту курсының
«Ой - ойна» ойын технологиясы.
«Рухани жаңғыру – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу негізі».
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын жүзеге асыру және жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім беру процесінің сапасын, педагогтардың кәсіби құзіреттігін арттыру.
Жылдық міндеттер:
- Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту, денсаулық сақтау әдістерін қолдану арқылы тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына баулу.
- «Ой - ойна» ойын технология әдісін пайдалану арқылы білім беру процесіне қатысушылардың шығармашылық ойлау және зерттеушілік қабілеттерін, белсенділігін дамыту, эмоционалдық-қайырымды, үштілді меңгерген интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру.
- Рухани жаңғыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкесін танып білуге, тілін, мәдениетін құрметтеуге, отан сүйгіштік, адамзаттық және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу және бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін нығайту.








