№1 «Арман» бөбекжай-бақшасында қазақтың ұлттық мейрамы «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» мерекесіне орай және «Бала жылы» шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сондай шаралардың бірі Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында өткізілген «Халық ертегілері қонақта» сахналық қойылымдар сайысына балабақшаның барлық топтары,  ата-аналар, балалармен педагогтар арасында өте тартымды мағыналы өтті. Қазақтың халық ертегілері. «Ұр тоқпақ», «Бай мен алдар көсе», «Жыл басына таласқан жануарлар», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Еңбекпен тапқан нан», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. ертегілер балалар, ата-аналар, педагогтар өздеріне берілген рөлді шығармашылықпен әсерлі, көңілді ойнап шықты. Сайыс соңыдна жеңіспаз топтар анықталып оларға «Грамота»  мен сыйлықтар берілді. Ал белсенділікпен қатысқан отбасылары мен педагогтарға, балаларға «Алғыс хат» берілді.