№1 «Арман» бөбекжай – бақшасы КМҚК

«Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!»

 

Жылдың басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі және оған қарсы  іс – шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Топ мүшелері жұмыс жоспарымен танысты. Бұл жұмыстың мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқын жандандыру, креативті ойлайтын, білімді, осы мәселеге қатысты өз пікірі мен берік ұстанымы бар, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан азат өмір сүруге бағытталған патриот және бәсекеге қабілетті адамдарды тәрбиелеу. Біздің балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделі мынадай жүйелі бағыттардан тұрады, олар келесі іс – шаралармен жүзеге асырылады.

Жылдық жоспарға сәйкес қаңтар айында жұмыс тобы ата – аналармен сауалнама жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша сауалнама әзірледі. Сауалнамаға 120 адам, барлық жастағы топтардың ата – аналары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы толық ақпарат алу үшін біздің мектепке дейінгі мекеме 2022 жылы «Жемқорлықпен күрес" және "Жемқорлықсыз Қазақстан"атты екі ақпараттық газетке жазылды.

Барлық жас топтарында 21 – 25 ақпан аралығында №3 ата – аналар жиналысы өткізілді, оның бірінші бөлігінде ата – аналарды №1 "Арман" бөбекжайының директоры "Ақшалай қаражат жинауға тыйым салу" туралы бұйрығымен таныстырды

Жылдық жоспарға сәйкес ақпан айында педагогтарға слайд арқылы " мүдделер қақтығысы дегеніміз не?", – деп дайындаған педагог – психолог А. Ф. Бектембаева, онда ол лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамау себебін толық түсіндіріп, ашты.

Сондай – ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Еліміздің еркіндігі –Тәуелсіздік!" тақырыбында  сурет көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге ата – аналар балалармен белсенді қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Осы іс – шаралардың барлығы балалардың, ата – аналардың, педагогтардың бойында патриотизм, адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мәдениет және әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететіні сөзсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруда балабақша әкімшілігі үлкен рөл атқарады, ол өзінің жеке мінез – құлқымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктің үлгісін көрсетеді.