Қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру.
Балабақшада қосымша білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық, көркем-эстетикалық, би өнері, спорттық, музықалық білімді дамыту үшін үйірме жұмыстары құрылған.Шығармашылық даму. Тәрбиеленушілердің шығармашылығын, қиялын, қызығушылығын, әуесқойлығын дамытуда үйірме жұмыстарының маңызы зор. Балалардың қосымша білім әрекетін ұйымдастыру барысында мынаны ескереді: балалардың қызығушылықтары және олардың қалаған үйірмені еркін таңдауына, балалардың жас ерекшелігі. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына сәйкес ақылы қызмет көрсету ұсынылады. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс қосымша ақылы білімдік қызмет көрсету туралы келісімшарт жасай отырып мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде қызмет көрсетуге құқылы. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы) 23 тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсете алады. Балабақшада қосымша білім беру қызметі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған:
|
№ |
Үйірменің атауы |
Жас шамасы |
Үйірме жетекшісі |
|
1 |
Вокал «Балдаурен» |
3-5жас |
Санбаева А.К. |
|
2 |
«Шеберлі саусақтар» |
3-5 жас |
Бектембаева А.Ф. |
|
3 |
«Ағылшын тілін үйренеміз» |
3-5жас |
Базарбекова Л.М. |
|
4 |
«Көңілді тілдер» логопедтің коррекциялық жұмысы |
3-5жас |
Тулеутаева Ф.У. |
|
5 |
«Ойна да, ойлан» |
4-5жас |
Кодашева А.Р. |
|
6 |
Би өнері хореография |
3-5 жас |
Мейрембаева Г.Е. Нығыманова Ж.Т. |
|
7 |
«Психологиялық сәт» психологтың коррекциялық жұмысы |
3-5жас |
Бектембаева А.Ф. |
|
8 |
«Стиль Шито Рю-каратэ-до» |
3 - 5 |
Садыкова З.С. |








