22.10.2021 жыл
2021 жылдың 20 – 22 қазан аралығында балабақшаның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Күздің ғажайып себеті» (табиғи заттардан жасалған бұйымдар) тақырыбында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты:
- балабақшамен тәрбиеленушілердің отбасылары арасындағы өзара бірлескен жұмысты нығайту.
-ата-аналарды балабақшаның жұмысына тарту;
-балалар, педагогтар және ата-аналардың бірлескен шығармашылықтарын дамыту;
-табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-- ата-аналарды балабақшаның өміріне белсенді араласуға тарту.
-балалар мен ата-аналарға өздерінің шығармашылық фантазияларын көрсетуге мүмкіндік беру.
- талантын дамытуға жағдай жасау.
Күзгі табиғаттың көрінісі ерекше! Биылғы көрме өзінің әсемдігімен мазмұндылығымен ерекшеленді. Барлық мектепке дейінгі топтардың ата-аналары көрмеге қатысуға ниет білдірді. Бұйымдар әр түрлілігімен, шығармашылығымен, айырықшаланды.
Көрмеге барлық топтың балалары, ата-аналары белсенді қатысты. Табиғат материалдарынан жасалған бұйымдар эстетикалық талғамымен, әр түрлілігімен, ерекшелігімен көзге түсіп көрменің көркін аша түсті. Көрмеге қойылған барлық бұйымдар ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақты, талғампаздығын бірлескен шығармашылығын көрсетті. Қазіргі кезде елімізде болып жатқан карантиндік жағдайға қарамастан ата-аналар көрме-сайысқа белсенді түрде ат салысып қатысты. Көрмеге барлығы 249 жұмыс қойылды. Оның ішінде үздік креативті жұмыстар: 175.
Көрмеге қатысушылар өздерінің шеберліктерімен фантазияларын көрсетті. Күзгі бояулар: алтын, сары, қызғылт, фантазия және шығармашылық көрменің негізгі басымдығы болып табылады. Көрмеге әр түрлі материалдардан жасалған жұмыстар қойылды: тыква, баклажан, бұрыш, түрлі түсті жапырақтар, шишкалар, картоп, сәбіз, шемішке, рябина және көптеген басқа заттар. Көрмеде назарымызға іліккен айырықшы бұйымдар: «Ормандағы достар», «Үйшік», «Күз ханшайымы», «Өрмекші», «Гусеница», «Кеме», «Кірпі», «Ауылдағы таң», «Көңілді жираф», «Тыквадан жасалған бауырсақ», «Пингвинде», «Чебурашка мен крокодил Гена», «Қарбыздан жасалған себет», «Дінкеден жасалған қайық», «Мысықтың үйі», «Кірпілер отбасы», «Орман ертегілері», «Ағаш басындағы қарға», «Күзгі букет», «Павлин», «Қос аққу», «Жүзімнен жасалған кірпі», «Паровоз», «Үйректер отбасы», «Ормандағы серуен», «Үкі», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл», «Дюймовочка», «бауырсақ», «Жапырақтағы жер құрты», «Улитка», «Саңырауқұлақтар», «Кірпі», «Қу түлкі», «Чипалино», «Смешарики»,«Қоян», «Динозавр», «Лақ» , «Құлыншақ», «Көкөністер», «Мухомор», «Декоративтік панно», «Алтын балық», «Көбелек» , «Қарбыздан жасалған арба», және т.б.
Бұйымдар эстетикалық талғамға сай, мазмұнды, кретивті болды, балабақша топтарының интерьеріне жаңаша леп әкелді.
Педагогтар топ балаларымен көрмені тамашалап, әрбір жасалған табиғи бұйымдар туралы балаларға әңгімелеп берді. Табиғат материалдарымен жұмыс балалардың білімін және еңбек әрекеті іскерлігін толықтырып қана қоймай, сонымен қатар баланың жеке тұлғалық негізін қалыптастыруға және табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға жағымды әсер етеді. Отбасымен бірге жасаған жұмыстың нәтижесін көрген балалардың жүздерінде мақтаныш сезімін көруге болады.
Көрменің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар тағайындалып озық шығармашылық жұмыстар айқындалды:
Гран При: «Ертарғын» ересек тобы - ата- аналармен балалрдың жасаған бұйымдары – 28. Креативті жұмыс -22.
I-орын : «Еркежан» - 25. Кретивті (12), «Балбөбек»- 21 (19), «Саулетай» -20 (18) «Балауса»-27 (24),
II-орын: «Еламан»-17 (8), «Ертөстік»-22 (12), «Арман»- 23 (15), «Айнұр»- 7 , «Аружан» - 23 (16).
ІІІ – орын: «Нұрай»-14 (12), «Ақбота»-17 (12), «Айнұр» -12 (8).
Көрмеге қатысып белсенділік танытқан барлық отбасылары Алғыс хатпен марапатталып, жүлделі орынға ие болған топтарға Грамоталар табысталды.
Әдіскер: Тумарбаева С.С








